Ата-анасы қараусыз қалдырған: түн ортасында балконда жылап тұрған бала құтқарылды

Атырау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 5 жасар бала үйінде қараусыз қалған. Құртқару кезінде үйде үлкендердің ешқайсы болмаған, баланың жалғыз өзін қамап кеткен. 

Жедел құтқару жасағының құтқарушылары түнгі сағат 02:53-те Атырау қаласының Авангард-3 шағынауданындағы №38 үйдің балконында 5 жасар бала жылап тұрғанын анықтады. Бес жасар баланы ата-анасы үйде қараусыз қалдырған.

«Балконға өрт сөндіруге арналған автосатымен көтерілген жасақ қызметкерлері баланы құтқарып, полиция қызметкерлеріне тапсырды» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. Кейіннен анасы баласын үйіне алып кеткен.

Back to top button