«Шәкірттерін құтқарамын деп құрбан болды» – Президент Мерей Ибрагимовтың жақындарына көңіл айтты

«Шәкірттерін құтқарамын деп құрбан болды» – Президент Мерей Ибрагимовтың жақындарына көңіл айтты

«Шәкірттерін құтқарамын деп құрбан болды» – Президент Мерей Ибрагимовтың жақындарына көңіл айтты
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шарын шатқалындағы қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан Мерей Ибрагимовтың жақындары мен туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды. Мемлекет басшысы 29 мамыр күні Алматы облысындағы Шарын шатқалында болған қайғылы оқиғаны үлкен күйзеліспен қабыл алды. Қасым-Жомарт Тоқаев қайтыс болғандардың жақын туыстарына көңіл айтып, жарақат алғандардың тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді. «Шәкірттерін құтқарамын деп өзі құрбан болған білікті маман Мерей Нұрғазыұлы өмірін ұстаздыққа арнады. Оқушыларының сүйікті мұғалімі болды. Табиғат тосын мінез көрсеткен апатты жағдайда жас ұстаз батылдық танытып, оқушысына жанкештілікпен көмек көрсетуге ұмтылды. 26 жасында өмірден қыршын кеткен Мерей Нұрғазыұлының ерлігі мен жарқын бейнесі ұмытылмайды», – делінген көңіл айту жеделхатында.