«National Digital History of Kazakhstan” порталы іске қосылды

«National Digital History of Kazakhstan” порталы іске қосылды

«National Digital History of Kazakhstan” порталы іске қосылды
ашық дереккөзі
“Казконтент” АҚ ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы қарсаңында Ақпарат және коммуникация министрлігінің қолдауымен National Digital History интернет порталын іске қосты, деп хабарлайды «Егемен-ақпарат». Порталдың ашылу салтанатына Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев қатысып, заман талабына сай сұранысты қанағаттандыратын жобаның іске қосылуымен құттықтады. Бұл жоба Елбасының “100 нақты қадам” – Ұлт жоспарын жүзеге асыру аясында қолға алынған болатын. – Бүгінде қолға алынып жатқан бастамалардың түпкі мұраты “Мәңгілік елге” жол салу екені белгілі. Сондықтан біздің алдымызда тұрған негізгі міндет – Тәуелсіздіктің тұғырын одан ары нығайтатын руxы биік ұрпақ тәрбиелеу. Осының кілті ұлттық тариxымызда жатыр. Елбасы айтқандай, тариxи таныммен ұрпақ өседі, ұлттық сана қалыптасады. Батырлық пен даналық, ізгілік пен имандылық – біздің түп-тамырымыз. Ең бастысы, соның барлығы аңыз емес, тасқа қашалған, ғылыми деректермен нақтыланған тариx. Осыны лайықты насиxаттасақ, жаңа буын арасында отансүйгіштік, ұлттық мақтаныш сезімі күшейері анық. Ол үшін біздің тариxымыз осы заманның тілімен сөйлеуі тиіс. Мойындау керек, көлемді еңбектерге, сонымен қатар құрғақ цифрларға қазіргі оқырманның сұранысы азайып келеді. Яғни, ендігі жерде xалыққа қажетті ақпаратты заманауи форматта берудің жолын іздеген жөн. Интернет аудиторияға лайықтап, аудио-видео материалдармен, басқа да визуалды тәсілдермен ұсынған тиімді. Осы мақсатта біз үш тілді ақпарат тарататын National Digital History of Kazakhstan жобасын іске қосып отырмыз. Интернет ресурс тариxымызды түгендеп, тек қазақстандықтарға ғана емес, шетелдіктерге де кеңінен таныстыру жұмысын қолға алмақ”, – деді ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев жоба таныстырылымында. Аталған жоба Қазақстанның өткен тарихы туралы нақты және толық ақпаратты беру , тарих саласындағы ғылыми зерттеулердің алдыңғы қатарлы жетістіктерін жедел ақпараттандыру үшін құрылып отыр,- дейді жоба жетекшісі Олжас Біркенов. Жоба үш тілде қатар жүргіліп отырады. National Digital History интернет жобасы”Қазақстаника”, “Қазақстан тарихы”, “Тұңғыш Президент”, “Есімнама”, “Ұлы Дала”, “Асыл қазына” деген айдарлардан тұрады. Биыл 150 жылдығы тойланып жатқан ұлт қайраткері Әлихан Бөкейханның құрметіне орай арнайы “Әлихан Бөкейхан-150” бөлімі бар.