Асқар Мамин: Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді

Асқар Мамин: Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді

Асқар Мамин: Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді
ашық дереккөзі
Елімізде санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Оған вакцина алғандар санының артуы ықпал етіп отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жалпы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Өткен аптада ауру жұқтыру деңгейі 20 пайызға дейін төмендеді. Вирустың репродуктивтілік индексі 0,86-ны құрады. Науқастардың ауруханалардан және жансақтау бөлімдерінен шығуы бойынша оң серпін байқалады», - деді Үкімет басшысы.
Осы орайда Премьер-Министр 3 өңір Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары "қызыл аймақта" тұрғанын айтты.
Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде "қызыл аймақты" қысқартуды болжап отырмыз. "Жасыл аймақтағы" өңірлер саны - 8 және "сары аймақтағы" өңірлер саны 6-ға жетті. Бұл көрсеткіштерге ең алдымен вакцина алғандар санының артуы оң әсер етіп жатыр, - деді Асқар Мамин.
 width=