Асқар Мамин: Санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді

Елімізде санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Оған вакцина алғандар санының артуы ықпал етіп отыр. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жалпы санитарлық-эпидемиологиялық жағдай жақсарып келеді. Өткен аптада ауру жұқтыру деңгейі 20 пайызға дейін төмендеді. Вирустың репродуктивтілік индексі 0,86-ны құрады. Науқастардың ауруханалардан және жансақтау бөлімдерінен шығуы бойынша оң серпін байқалады», – деді Үкімет басшысы.

Осы орайда Премьер-Министр 3 өңір Нұр-Сұлтан қаласы және Ақмола, Қарағанды облыстары «қызыл аймақта» тұрғанын айтты.

Қабылданып жатқан шаралардың нәтижесінде «қызыл аймақты» қысқартуды болжап отырмыз. «Жасыл аймақтағы» өңірлер саны – 8 және «сары аймақтағы» өңірлер саны 6-ға жетті. Бұл көрсеткіштерге ең алдымен вакцина алғандар санының артуы оң әсер етіп жатыр, – деді Асқар Мамин.

210601102335228a3795129i

Back to top button