Бүгін – балаларды қорғау күні. Балаларды қорғау рейтингінде нешінші тұрмыз?

Бүгін – балаларды қорғау күні. Бұл мереке Әйелдердің халықаралық демократиялық федерациясының конгресінде 1949 жылы ресми түрде бекітілді.

Мереке 1950 жылдан бастап тұрақты түрде аталып өтеді. Мұндай мерекені бекіту туралы ұсыныс алғаш рет 1925 жылы Женевада өткен Дүниежүзілік конференцияда жасалды.

Балалардың бұл мерекесі неліктен дәл 1 маусым күні атап өтілетіндігі туралы нақты мәліметтер жоқ. Болжамдардың бір нұсқасы бойынша, 1925 жылы 1 маусымда Қытайдың бас консулы Сан-Франсискода қытайлық жетім балалардың бір тобын жинап, оларға Дуань-у цзе фестивалін (Қайық-айдаһарлар фестивалі) өткізді. Сәтті кездейсоқтықпен бұл күн Женевада «балалар» конференциясының өткізілуімен сәйкес келді.

Балалардың денсаулығын сақтау және жағдайын жақсарту мәселесі анағұрлым өзекті болған Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, нақты айтқанда 1949 жылы Парижде әйелдер конгресі өтті. Онда балалар бақытының жалғыз кепілі ретінде орнықты бейбітшілікті қамтамасыз етуге талмай күресу анты айтылды. Бір жылдан кейін, 1950 жылдың 1 маусымында Халықаралық балаларды қорғау күнінің алғашқы мейрамы атап өтілді, осыдан кейін бұл дата жыл сайын мерекеленеді.

БҰҰ-ның жүргізген сауалнамасына жүгінсек, бүгінгі таңда әлемде әрбір оныншы бала үлкендер тарапынан жасалатын зорлық пен зомбылыққа ұшырайды екен. Сондай-ақ, әлемде өмірі қатерге толы балалар да баршылық. Аш-жалаңаштық, соғыс өрті, терактілер балалар өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, оларды бақытты балалығынан, әлемдегі басқа қатарластары секілді білім алып, тәрбиелену мүмкіндігінен айырады. Сондықтан бұл күні тұрақсыздық жайлаған елдердегі балаларға қамқорлық мәселесі де назардан тыс қалмайды.

Save The Children халықаралық қорының балаларды қорғау рейтингінде Қазақстан 180 елдің ішінде 50-ші орынды иеленді.

Индекс денсаулық сақтау, білім беру көрсеткіштерін және жалпы балалардың қауіпсіздігін ескереді.

vs 7

«Сингапур 1000-нан 989 баллмен рейтингте көш бастап тұр. Батыс Еуропаның сегіз елі денсаулық, білім және балаларды қорғау бойынша өте жоғары балл жинап, топ-10 қатарына кіреді. Нигерия соңғы орында», – делінген рейтингте.

Алғашқы бестікке Сингапур, Словения, Финляндия, Швеция және Норвегия кірді.

ТМД елдері арасында Қазақстанды Беларусь пен Ресей басып озды.

Рейтинг деректері бойынша, Қазақстанда 5 жасқа дейінгі балалардың өлім-жітім деңгейі 10 000 тууға шаққанда 99 өлім екен. Балалардың 6% – ы (негізінен қыздар) 15-19 жас аралығында үйленеді, балалардың 8% – ы 5 жасқа дейін дұрыс тамақтанбайды, балалар еңбегінің таралуы 2,2%. Жасөспірімдер жүктілігінің коэффициенті 1000 қызға 29,8, балалар суицидінің коэффициенті 100 мың тұрғынға 1,3 болған.

Айта кету керек, өткен жылғы рейтингте Қазақстан 933 ұпай жинап, 40-орында тұрған.

Back to top button