1 маусым: тарихи сәттер мен маңызды оқиғалар

1 маусым: тарихи сәттер мен маңызды оқиғалар

1 маусым: тарихи сәттер мен маңызды оқиғалар
ашық дереккөзі
1994 жылы Қазақстан Республикасы Әділет министрінің бұйрығымен «Жеті жарғы» баспасы құрылып, алғашқы директоры болып Түрікпенбаева Ділбар Дадоханқызы тағайындалды. 1994 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев АҚШ Бейбітшілік корпусының Қазақстандағы миссиясының директоры Пол Бурнор бастаған өкілдерін қабылдады. 1994 жылы қазақ жазушысы Оралхан Бөкей тұрған Алматының Жамбыл көшесінде мемориалды тақта орнатылды. 1997 жылы Францияда ұлы қазақ жазушысы Мұхтар Әуезовтің туғанына 100 жыл толуына арналған Қазақстан күндері өтті. 2000 жылы Алматыда Орталық Азия киногерлерінің халықаралық II фестивалі басталды. 2007 жылы Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өткен балалардың бірінші халықаралық съезі барысында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа «Әлем елшісі» атағын беру туралы шешім қабылданды. 2009 жылы Қарағанды облысы Спасск мемориалды кешенінде Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған шара өтті. Шараға Қазақстандағы Әзербайжан, Украина, Румыния, Польша, Венгрия, Словакия, Корея, Жапония елшіліктерінің басшылары және Ресей, Литва, Италия, Грузия, Қырғызстан елшіліктерінің дипломатиялық қызметкерлері қатысты. Шара аясында мемориал кешенінің аумағында саяси қуғын-сүргін құрбандары кәрістерге арналған жаңа ескерткіш белгісі ашылды. 2010 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен елордадағы ҚР Тұңғыш Президенті мұражайы алдындағы саябақта Жәнібек пен Керей хандардың монументалды мүсіндік-көркем композициясының салтанатты ашылу рәсімі болды. 2010 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерін жеңілдік жағдайда тұрғын үймен қамтамасыз етуге, сондай-ақ жалғыз баспаналары апатты деп саналған азаматтарға мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй беру үшін құқықтық негіз құруға бағытталған «Тұрғын үй қатынастары туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды. 2011 жылы Атырауда «Перемена!» деп аталатын балалар газетінің алғашқы нөмірі жарыққа шықты. 2012 жылы Қазақстанда алғаш рет Онкологиялық аурулармен ауыратын балаларды қолдау орталығы құрылды. 2012 жылы Астананның жас тұрғыны Бибімариям Омарова Калифорния (АҚШ) штатында Лос-Анджелес қаласында өтетін «Бақытты балалық» халықаралық балалар байқауында бірінші орынды жеңіп алды. 2016 жылы Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі хатшылығының ХV отырысында дінаралық диалогқа қосқан үлесі үшін тапсырылатын халықаралық сыйлық пен құрмет медалі тағайындалды. Бұл сыйлықпен марапаттау туралы шешімді ҚР Президенті төрағалық ететін діни лидерлер кеңесі қабылдайды. 2017 жылы Семей қаласындағы бұрынғы Интернациональная көшесіне белгілі ғалым, абайтану ғылымының негізін қалаушы, Қазақстанның алғашқы мемлекеттік әнұраны мәтінінің авторы Қайым Мұхамедхановтың есімі берілді. 2017 жылы Астанадағы Mega Silk Way сауда, ойын-сауық орталығында теңіз жануарларының Орталық Азиядағы ең үлкен паркі ашылды. Оның жалпы ауданы - 7190 шаршы метр. Паркте бір үлкен бассейн және екі қосалқы бассейн, 400 адам сиятын трибуна бар. Трибунада мүмкіндігі шектеулі жандарға да барша қолайлылық жасалған. 2017 жылы Кеңес Одағының Батыры, халық Қаһарманы, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтің қола бюсті Ұлы Отан соғысының Орталық музейіне берілді. Сағадат Нұрмағамбетовтің ескерткішімен бірге музейге батырдың архивтегі фотосуреттері мен М.Б. Греков атындағы студияның суретшісі Павел Бойко салған портреті де қоса берілді. 2017 жылы «Нұрлы жол» жаңа вокзал кешені алғашқы пойыздарды қабылдай бастады. Алғашқы болып «Қарағанды - Астана» электр пойызы келді. Вокзал кешені алты деңгейлі, жалпы аумағы 126 мың шаршы метрлік ғимарат. Вокзалда алты жолдың торабы кіріп отыр. Ол тәулігіне 35 мың жолаушыны қабылдай алады. Вокзал жолаушылар ағынын, кезегін, қауіпсіздігін, электронды билет сату процесін интеллектуалдық басқару желісімен қамтылған. Бірінші және екінші қабатта 740 көлікке арналған автотұрақ бар. Сонымен қатар ол жерде қызметтік-теxникалық бөлмелер орналасқан. Үшінші қабатта - шатыр астында перрон орын тепкен. Төртінші қабат ең негізгі болып саналады. Мұнда басты кіреберіс пен 10 билет кассасы, анықтама бюросы, сауда орындары бар. Бесінші қабатта фуд-корт, алтыншы қабатта әкімшілік кеңселер болады.