Василий Левит жеңіп алған медалін тағудан бас тартты

2016 жылғы Олимпиада жүлдегері Василий Левит Дубайдағы (БАӘ) бокстан Азия чемпионатында алған күміс медалін тағудан бас тартты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Левит – Қазақстандағы жалғыз Азия чемпионы. Ол 2009, 2015 және 2017 жылдары құрлықтық біріншіліктерде алтын медаль алған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанның ерлер құрамасы бұл жарыста бірде-бір алтын медаль алған жоқ.

Back to top button