Алматы әуежайында екі ұшақ соқтығысты

Алматыдағы әуежайда тіркеп сүйреу кезінде А 320 ұшағы Boeing 767 ұшағын жанап өтті, деп хабарлайды 24.kz.

Екі әуе кемесі де Air Astana әуе компаниясына тиесілі, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Әуе компанияның баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған оқиға Алматы әуежайында 29 мамыр күні болған. «Ангардың техникалық тұрағы маңында техникалық жұмыстардың жүргізу үшін ұшақты тіркеп сүйремек болған кезде А320 ұшағы шарклетімен Boeing 767 ұшағының стабилизаторын жанап өтті. Екі борт та Air Astana әуе компаниясына тиесілі. Қазір екі ұшақта да жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ тергеу амалдары да басталды, – делінген хабарламада.

Back to top button