ӘЧ: Шайбалы хоккейден Қазақстан плей-офф кезеңіне шығуға жақын 

Шайбалы хоккейден 2021 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионында, бүгін 31 мамырда Қазақстан құрамасы бірінші кезеңнен кейін Норвегиядан басым түсуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін өткен кездесуде қос құрама да алға ұмтылды. Дегенмен қақпаға бағытталған шайба діттеген жеріне жетпей жатты. Ал 16-минутта қазақстандық Дмитрий Шевченко мергендік танытып, өз құрамасын алға шығарды. Бірінші кезеңнен кейін Қазақстан қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсуде. Бүгін жеңіске жетсе олар бір тур бұрын плей-офф кезеңіне шығуға қол жеткізеді. Екі құрама бұған дейін бес мәрте кездесті. Оның екеуінде қазақстандық құрама басымдық танытса, үшеуінде норвегиялық хоккейшілер мықты екенін көрсетті. Айта кетерлігі, бүгін негізгі кезеңде жеңіске жеткен жағдайда Қазақстан құрамасының плей-офф кезеңіне шығуына мүмкіндігі бар. Бұған дейін қазақстандық хоккейшілер буллиттен Латвияны 3:2, Финляндияны 2;1, негізгі кезеңде Германияны 3:2, Италияны 11:3 есебімен жеңді. Ал АҚШ-қа 0:3, Канадаға 2:4 есебімен жол берді. Осылайша алты ойыннан кейін он ұпай жинаған Қазақстан құрамасы турнир кестесінде үшінші орында тұр. Плей-офф кезеңіне шығуына мүмкінді бар. Ал алты ойыннан кейін бес ұпай жинаған Норвегия жетінші орынға жайғасқан. Олардың жарысты жалғастыру мүмкіндігінен қол үзіп қалды.

 

Back to top button