Бұл жастардың артықшылығы ма, әлде?

Бұл жастардың артықшылығы ма, әлде?

Бұл жастардың артықшылығы ма, әлде?
ашық дереккөзі
Жастық –  асқақ арман мен ұшқыр қиялдың жетегінде жүретін алаңсыз шақ. Қай заманда болсын өркенеттиетті өрлететін – жас буын. Алайда, қазір ұрпақтар арасындағы құндылықтар айырмашылғын жиі көріп жүрміз. Осының әсерінен «Х» ұрпақтың өкілі – ата-ана мен «Z» ұрпақтың өкілі – бала арасында  түсінбеушіліктер болып жатады. Ұрпақтарды бұлай топтастыруға әртүрлі факторлар әсер етеді. Ол – саяси оқиға, табиғи апат, қоғам,  індет, жалпы сол уақыт шеңберіндегі оқиғалар болуы мүмкін. Сонымен, қазіргі заман жастарының негізгі артықшылықтары мен кемшіліктерін талдап көрелік. Ең алдымен жастарымыздың артықшылығы ретінде олардың өз бетінше білім алу қабілетін айта кету қажет. Қазіргі заман талабына сай жастар бұрынғыдай білімді тек мектептен немесе жоғары оқу орнынан емес, сонымен қатар өз бетінше алуға да қауқарлы. Олар әлбетте, интернеттің көмегімен білім алады. Келесі артықшылық – осы әлемді түсінуге деген құлшыныс. Жастар өзі өмір сүріп жатқан әлемді танып-білгісі келеді. Ересектер өнер, мәдениет, саясатқа қызықса, жасөспірімдер шетелдіктердің әдет-ғұрыптары қызықтырады. Бүгінгі әлем туралы білім көбінесе кітаптар арқылы емес, теледидар бағдарламалары мен YouTube каналдары арқылы беріледі. ХХІ ғасырда жоспарлау мен уақытты басқару ерекше маңызға ие. Содан болар, жастарымыздың уақытты тиімді пайдалануға ұмтылысы да артықшылықтар қатарына енеді. Адам өмірінің әр минутын бағалайды және күнделікті өмірін жемісті еткісі келеді. Сондықтан, жастардың көбісі осы ғылымды зерттеуге көп уақыт бөлуі ғажап емес. Бұл жастарға қай құндылықтар шынайы, ал қайсысы мәнсіз екенін ұғынуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, «Z» ұрпақтың демалыс мәселесіндегі талғампаздығын атап өту керек. Әлемнің ашықтығы себебінен жастар демалыс күндерін теледидар экранының алдында емес, барлық экскурсиялар мен экстремалды саяхаттарда өткізеді. Олар өздерінің бос уақыттарын әртараптандыруға тырысады. Ол үшін түрлі интеллектуалды ойындар, экстремалды спорт түрлері немесе жалпы білім беру экскурсияларына қатысады. Мәдени іс-шараларға деген сүйіспеншілік те артықшылықтар қатарында. Өзін-өзі құрметтейтін кез-келген жасөспірім өзіне жақын өнер саласын таңдап, оның жанкүйеріне айналады. Кейбіреулер сүйікті музыкалық топтарының концерттеріне барады, басқалары бірде-бір сурет көрмесін жібермейді. Мұражайлар, сурет галереялары, театрлар мен консерваторияларда жастарды көрермен мен сүйсінушілер ғана емес, сол саланың маманы ретінде жиі кездестіреміз. Қазақстанның ұлт болып ұйысып, ел болып еңсесін көтерген шақпен құрдас буынның артықшылықтарымен таныстық. Жаңа заман жастары өзінің ерекше дарындылығы, жігерлігімен ерекшеленетінін ұқтық. Дегенмен олардың кемшіліктері мен зиянды әдеттері де жоқ емес. Оларға жеке-жеке тоқталып өтсек: Алкоголь, никотин және есірткі – адамдар 14-30 жасында тәуелді болатын зиянды заттар. Ал, кез-келген жасөспірім жаман әдет оны құрдастарының алдында «атақты» етеді деп ойлайды. Сондықтан тәуелділікті қазіргі жастардың жаман жақтарына жатқызуға себеп бар. Ең жаманы олар осы құмарлық тәуелділікке айналған соң, одан құтылу қиынға соғатынын түсіне бермейді. Қазіргі кезде жасөспірімдердің мақсаттары және оған жету жоспарлары болғанымен, жалқаулық оларды айналып өтпейді. Сондықтан бекершілік жастардың негізігі кемшіліктерінің бірі. Бір күн болса жақсы ғой, алайда,  интернеттің арқасында жеткіншектердің уақытты бос өткізуі бірнеше аптаға, кейде бірнеше айға созылуы мүмкін. Мектеп жасында барлық жасөспірім өз тағдырларын анықтай алмайды. Көптеген жас ата-аналарының кеңестерін тыңдап, беделді мамандықтарға оқуға кетеді. Содан кейін, 3 немесе 4 курста адамдар өздерінің дұрыс емес жерде екенін түсінеді. Ата-аналары оқудан кетуге тыйым салады, сондықтан олар қызығушылық жоқ мамандық бойынша оқуын аяқтау керек. Оқуды бітіргеннен кейін ондай адамдарға не істеу керек екені түсініксіз. Кейбіреулер өз мамандықтары бойынша жұмысқа барады, ал кейбіреулері арнайы дағдылар қажет емес мамандықтарды таңдайды, ал кейбіреулері ғана екінші жоғары білім алуға батылдық танытады. Белгісіздік пен дұрыс емес таңдау немқұрайдылықты тудырады. Адамдар өз мақсаттарын таппайды және іздемейді, олар тек ағыммен жүреді. Сондықтан тұлғаны қалыптастыру кезеңінде адамға оның мақсатын түсінуге және оның күшті және әлсіз жақтарын анықтауға көмектесу өте маңызды екенін ұмытпау қажет.

Самал Асқар

ЕҰУ Журналистика және Саясаттану факультетінің 3-курс студенті