"Грузия арманы" парламент сайлауында жеңіске жетті
"Грузия арманы" парламент сайлауында жеңіске жетті
Билік басындағы "Грузия арманы" партиясы сайлауда жеңіске жетті. Сайлаушылардың дауыстарын санау жұмыстары аяқталуға жақын.
Партия шамамен 48,6 пайыз дауыс жинады, ал оппозициялық "Бірлескен Ұлттық қозғалыс" - 27 пайыз. Партиялық тізім бойынша берілетін 150 депутаттық мандаттың 77-сі осы нәтиже арқылы бөлінеді. Қалған 73 орынға бір мандаттық округтерде жеткендер ие болады.
Грузиядағы парламент құрамы келесі айдың соңына таман толық белгілі болады.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, сайлаушылардың 51 пайызы ғана дауыс беруге келген. Халықаралық бақылаушылар сайлау әділ өтті деп хабарлады, бірақ сайлау қарсаңындағы науқан кезінде заңға заңға қайшы әрекеттер қолдану туралы шағым түскенін ескертті.