Президент Азия чемпионатында жеңіске жеткен боксшы қыздарды құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дубайда өткен бокстан Азия чемпионатында жүлдегер атанған боксшы аруларымызды құттықтады. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің facebook-тегі парақшасына жазды.

«Құрлықтың ең мықты спортшылары жиналған байрақты бәйгеде Қазақстанның қыздар құрамасы ел мерейін асқақтатты. Олар қоржынымызға 10 жүлде, соның ішінде 8 алтын медаль салды. Осы тарихи жеңістеріңізді Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына жасалған тамаша тарту деп санаймын», – делінген құттықтауда.

Президент боксшы қыздарымыздың алдағы сайыстарда да биік тұғырдан көріне беретініне сенім артып, табыс тіледі.

Back to top button