Эйфель мұнарасының үлкендігімен бірдей астероид Жерге жақындап келеді

Эйфель мұнарасының үлкендігімен бірдей астероид Жерге жақындап келеді

Эйфель мұнарасының үлкендігімен бірдей астероид Жерге жақындап келеді
ашық дереккөзі
Бүгін және 1 маусым күні екі үлкен астероид Жерге жақындайды. Бұл туралы Daily Star хабарлады. Ғалымдардың есептеуінше, 2021 jf1 деп аталатын ғарыш объектісі секундына 17 километр жылдамдықпен қозғалады. Оның диаметрі 94-тен 210 метрге дейін, бұл - Нью-Йорктегі Бостандық мүсінінен де үлкен. Екінші астероид - 2021 КТ1, Жерге 1 маусымда жақындайды, ол секундына 18 шақырым жылдамдықпен ұшады, ал диаметрі 150 — ден 330 метрге дейін - шамамен Париждегі Эйфель мұнарасы сияқты. Астрономдардың айтуынша, астероидтар Жерден 13 миллион шақырым қашықтықта ұшып өтеді, бірақ бұл қашықтық ғарыш өлшемімен өте жақын саналады.