Жаңалықтар

Көрмеге қатысатындығын 105 ел растады

ашық дереккөзі

Көрмеге қатысатындығын 105 ел растады

«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов Америка Құрама Штаттарының елшісі Джордж Кроллмен кездесті. Басқосу барысында тараптар АҚШ-тың «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу мүмкіндігін қарастырды. Басқосу барысында АҚШ елшісі Кролл Американың ЭКСПО-2017 халықаралық маман­­дандырылған көрмесіне қаты­суға қызығушылық білдір­генін жеткізді. Бүгінгі таңда халықара­лық маман­­дандырылған көрмеге қаты­сатындығын 105 мемлекет рас­тады, 98 мемлекеттің комис­сары тағайындалды, 82 мем­лекет қатысу келісімшартына қол қойды. Сол күні таңертең «ЭКСПО-2017 ұлттық компаниясы» АҚ бас­қарма төрағасы Ахмет­жан Есімов Армения Республи­касы­ның Экономикалық даму және инвес­тиция министрі Сурен Караянмен кездесті. Басқосу барысында екі жақ Ар­менияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысу мүм­к­індігін қарастырды. «ТМД-ның барлық елдері халықаралық көрмеге қаты­са­тындығын ресми растады. Сон­дықтан олардың қатарында Арме­нияны да көргіміз келеді», деді А.Есімов. Өз кезегінде, Сурен Караян Ар­ме­ния үкіметінің жақын арада нақты шешім қабылдай­тын­ды­ғын айтты. Көп кешікпей кеше түстен кейін Сурен Караян Армения Республикасының ЭКСПО-2017 көрмесіне қаты­са­тындығын растады. Сөй­тіп, ЭКСПО-2017 халық­ара­лық маман­дандырылған көр­ме­­сіне ТМД-ның барлық елдері қат­ы­сатын болады.