Алматыда сал ауруына шалдыққан адамды күтушісі тонаған

Алматыда сал ауруына шалдыққан адамнан ақша ұрлаған күтуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісу ауданының полиция қызметкерлері 23 жастағы К. есімді әйелді ұстады. Ол сал ауруына шалдыққан адамды қарау үшін жалданып, оның ақшасын ұрлап алған. Ұсталған кезде қыз Шығыс Қазақстан облысында болған, ол сотқа дейінгі тергеу үшін Алматыға жеткізілді.

– Қаражатты жымқыру және дәрменсіз адамды жалғыз қалдыру фактісі туралы оның қызы хабарлады. Күдіктінің тұрған жерін анықтау үшін жедел-іздестіру іс-шаралары дереу жүргізілді. Күтуші жұмыс берушілерге хабарламай қаладан кетіп қалған болып шықты. Өкінішке қарай, зейнеткердің сөйлеу мүмкіндігі жоқ, ал күтуші осыны пайдаланып, оның банк картасынан ақшаны аударып алған. Оған қатысты ҚР ҚК-нің 188 бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде, – деді Жетісу аудандық Полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.

Back to top button