Қытай билігі үшінші балаға рұқсат етті

Қытай билігі үшінші балаға рұқсат етті

Қытай билігі үшінші балаға рұқсат етті
ашық дереккөзі
Бұдан бұрын Қытай билігі "бір отбасыға - бір баладан" деген қағидадан ауытқып, екінші балаға рұқсат берген болатын. Енді ҚХР басшысы Си Цзиньпин қытайлықтарға үшінші балаға да рұқсат берді. Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, бұл өзгеріс Саяси Бюро отырысында мақұлданған. Қытай билігі бұл өзгеріс халықтың қартаюын тежеуге көмектеседі деп үміттеніп отыр. Сондай-ақ олар алдағы бірнеше жылда зейнетақы жасын біртіндеп көтеруге ниетті.  width=