Қытай билігі үшінші балаға рұқсат етті

Бұдан бұрын Қытай билігі «бір отбасыға – бір баладан» деген қағидадан ауытқып, екінші балаға рұқсат берген болатын. Енді ҚХР басшысы Си Цзиньпин қытайлықтарға үшінші балаға да рұқсат берді. Синьхуа агенттігінің хабарлауынша, бұл өзгеріс Саяси Бюро отырысында мақұлданған.

Қытай билігі бұл өзгеріс халықтың қартаюын тежеуге көмектеседі деп үміттеніп отыр. Сондай-ақ олар алдағы бірнеше жылда зейнетақы жасын біртіндеп көтеруге ниетті.

accf70b889725f37c2d7e1b980bf4136

 

Back to top button