Елімізде жаңа ұялы байланыс операторы пайда болады

Елімізде жаңа ұялы байланыс операторы пайда болады

Елімізде жаңа ұялы байланыс операторы пайда болады
ашық дереккөзі
Елімізде жаңа ұялы байланыс операторы пайда болады. Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz "ҚазАқпарат" сайтына сілтеме жасай отырып.
— Қазіргі кезде елімізде екі ірі ұялы байланыс операторы бар - "Қазақтелеком" компаниялар тобы (Tele 2 және Kcell) және Beeline. Келесі жылы нарықта үшінші оператор пайда болады. Бұл жергілікті "Транстелеком" операторы болмақ", — деді Серік Жұманғарин.
Агенттік төрағасының айтуынша, "Транстелеком" 2025 жылға қарай нарықтың шамамен 5% - ын алады деген болжам бар. "Транстелеком" - Қазақстандағы ең ірі байланыс операторларының бірі. Компанияның тарихы 1999 жылы "Қазақстан темір жолы" құрылымдық бөлімшесінің дербес ұйымға тармақталуынан басталды. Сол кезде компанияның міндеті теміржол секторындағы байланыс жүйесін техникалық қолдау және оны одан әрі дамыту болды. 2017 жылға қарай "Транстелеком" Қазақстанның барлық өңірлерін қамтитын жалпы ұзындығы шамамен 15 000 км талшықты-оптикалық байланыс желісін салды. Бүгінде оператор АТ, байланыс, автоматика және энергетика саласында телеком-қызметтердің кең спектрін ұсынуға, цифрландыру және жүйелік интеграцияға маманданған. "Транстелеком" директорлар кеңесінің төрағасы - Нұрәлі Әлиев (Forbes Kazakhstan нұсқасы бойынша 2021 жылы Қазақстанның ең бай бизнесмендері тізімінде №31).