Саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты құпия құжаттарды зерттеуге рұқсат берілді

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты құпия құжаттарды зерттеуге рұқсат берілді

Саяси қуғын-сүргін құрбандарына қатысты құпия құжаттарды зерттеуге рұқсат берілді
ашық дереккөзі
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия мүшелеріне жабық және арнайы архивтерде жұмыс істеуге рұқсат берілді, деп хабарлайды «Хабар 24». Сондай-ақ ғалымдардың еңбегі зерттеулері жүйеленіп, нәтижесі жарияланып отырады. Бұл туралы Қырымбек Көшербаев мәлімдеді. Мемлекеттік хатшы бүгін Алжир мемориалдық-мұражай кешешіне барып, тағзым етіп, ескерткішке гүл қойды.
 – Бұл мемлкеттік комиссия саяси қуғын-сүргін құрбандарын, алапат қасірет ашаршылықтың құрбандарын бәрін толық ақтап, тарихи құжаттарға көзіміз жетіп, оны елге жария етпей, мемлекеттік комиссия өзінің жұмысын аяқтамайды. Қазіргі таңда мемлекеттік комиссияның құрамында екі кіші комиссия, 11 жұмыс тобы, 17 аймақтық комиссиялар толыққанды жұмысына кірісті. Еліміздегі маңдайалды тарихшылар мен сарапшылар бұл жұмысқа тартылды. Бұрын құпия деп, әсіресе ұлттық қауіпсіздік комитетінің, Ішкі істер министрлігінің, Бас прокуратураның архивінде сақталған, ашылмай жатқан архивтердің бәрі қазір біздің тарихшылар мен сарапшыларға ашылып, тиісті жұмыс жүргізіліп жатыр, - деді Қырымбек Көшербаев