Америка ғалымдары коронавирус 2026, 2032 жылдары қайталануы мүмкін екенін ескертті

Америка ғалымдары коронавирус 2026, 2032 жылдары қайталануы мүмкін екенін ескертті

Америка ғалымдары коронавирус 2026, 2032 жылдары қайталануы мүмкін екенін ескертті
ашық дереккөзі
Жұқпалы аурулар сарапшысы, ғалым Питер Хотез COVID-19-дың қалай пайда болғаны нақты зерттелмесе, індет қайталанып, COVID-26 және COVID-32 болуы мүмкін екені айтты, - деп хабарлайды tengrinews.kz Lenta.ru-ға сілтеме жасай отырып.
"Бұл XXI ғасырдағы үшінші ірі індет. Егер коронавирустың қалай пайда болғанын анықтамасақ, COVID-26 және COVID-32 болатынын табиғат ананың өзі ескертіп жатыр", - дейді ғалым.
Хотездің сөзінше, коронавирустың пайда болуы туралы мәліметті анықтау үшін ғалымдарды жаппай Қытайға жіберу керек, ал мұндай байланыс болмаған жағдайда індеттің қайдан пайда болғанын анықтау қиын. Ол бұл үшін қажет болса Бейжіңге қатты қысым көрсетілуі керек екенін айтты.