Өскеменде әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсады

Өскеменде әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсады

Өскеменде әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсады
ашық дереккөзі
Өскемендегі 3477 әскери бөлімінде келісімшарт бойынша әскери қызметші өз-өзіне қол жұмсады. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі хабарлады. «2021 жылғы 29 мамырда 3477 әскери бөлімінің келісімшарт бойынша әскери қызметшісі, қатардағы жауынгер Ілияс Мұратұлы Айдосов бекітілген қарудан өзінің басына оқ атып, салдарынан қаза болды», – делінген ресми хабарламада. Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр және қызметтік тергеу тағайындалды. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр. «Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – деп хабарлады баспасөз қызметі.