Әйелін құтқарамын деп суға кетті: 60 жастағы ақтөбеліктің денесі табылды

Әйелін құтқарамын деп суға кетті: 60 жастағы ақтөбеліктің денесі табылды

Әйелін құтқарамын деп суға кетті: 60 жастағы ақтөбеліктің денесі табылды
ашық дереккөзі
Елек өзенінің жағасына тынығуға барып, суға батып бара жатқан әйелін құтқармақ болған ақтөбелік суға кетті. 30 мамыр күні облыстық Tөтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне екі адамның суға батып бара жатқаны туралы ақпарат түсті. Олар Ақтөбе қаласы Шие бағы бау-бақша ұжымында демалып, Елек өзеніне суға түскен. «Су айдынын аралау жұмысын жүргізіп жүрген қалалық төтенше жағдайлар басқармасы қызметкерлері 59 жастағы әйелді құтқарды. Ал суға батып бара жатқан әйелін құтқармақ болған 60 жастағы ақтөбелікті аман алып қалу мүмкін болмады. Жедел құтқару жасағының күшімен азаматтың денесі су түбінен 2,5 метр тереңнен шығарылды», – деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.