Иманғали Тасмағамбетов Димашпен кездесті

Әнші Димаш Құдайберген белгілі мемлекет және қоғам қайраткері Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті, – деп хабарлайды Sputnik.kz.

Димаш Иманғали Тасмағамбетовпен түскен суретін instagram-дағы парақшасына жариялап, алғысын білдірді.

“Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл,ғылым,ар, мінез деген нәрселермен озады. Одан басқа нәрсемен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақтық”, – деп Абай атамыз бекер айтпаған. Осы тұста көрнекі қоғам және мемлекет қайраткері, өр мінезі мен іскерлігі, руханиятымыз бен ұлтымызға деген жанашыр қасиеттер бойынан табылған Иманғали ағамызбен әңгімелескен сайын ерекше рухани азық аламын… Өте жақсы кездесу болды. Мен дегенде алып ұшқан жүрегіңізге, тілегі көлдей көңіліңізге көп рахмет аға!, – деп жазды әнші.

Back to top button