Бас мемлекеттік санитар дәрігердің жаңа Қаулысы шықты

Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясовтың жаңа Қаулысы шықты.

Құжатта «QazVac» вакцинасын алған Қазақстан Республикасының азаматтары мен шетел азаматтарына екпе қабылдағаны туралы мәлімет талап ету бойынша қағаз тасығышта 2021 жылғы 1 маусымынан бастап берілетіні айтылған.

Қаулы бойынша мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарды коронавирусқа қарсы вакциналау үй-үйде ұйымдастырылатыны жазылған.

«Мүгедектер қатарындағы мүмкіндігі шектеулі адамдарға үйіне барып, КВИ-ға қарсы вакцинация жүргізуді ұйымдастырады», – деп жазылған Қаулыда.

Back to top button