Жаңалықтар

Өзбекстаннан жұмысшы әкеліп беремін деп алдап, мекеменің 4,5 млн теңгесін иемденіп кеткен

ашық дереккөзі

Өзбекстаннан жұмысшы әкеліп беремін деп алдап, мекеменің 4,5 млн теңгесін иемденіп кеткен

26 мамырда Қаратау АПБ-на бір мекемеден қатынас хат келіп түскен. Онда Д. есімді азаматтың Өзбекстаннан құрылыс жұмысын жасайтын жұмысшылар әкеліп беремін деп, жалпы 4 500 000 теңгені алаяқтық жолмен иемденіп кеткендігін көрсетілген, деп хабарлайды Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі. Қаратау АПБ КПБ-ның қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ақшаны алып кеткен жергілікті жердің 25 жастағы тұрғыны қолға түсті. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау амалдары жүргізілуде.