Назым Қызайбай әлемнің алты дүркін чемпионын жеңіп, Азия чемпионы атанды

Назым Қызайбай әлемнің алты дүркін чемпионын жеңіп, Азия чемпионы атанды

Назым Қызайбай әлемнің алты дүркін чемпионын жеңіп, Азия чемпионы атанды
ашық дереккөзі
Бокстан Дубайда өтіп жатқан Азия біріншілігінде Қазақстан командасы екі алтын жеңіп алды, – деп хабарлайды Olympic.kz. 48 келіге дейінгі салмақтағы шешуші кездесуде Қазақстан чемпионы Алуа Балқыбекова Өзбекстан өкілі Гүласал Сұлтаналиевамен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте төрешілер шешімі бойынша Алуа жеңіске жетті. Команданың көшбасшысы, 51 келідегі Назым Қызайбай финалда әлемнің алты дүркін чемпионы, үндістандық Мэри Комды жеңді.  Төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Назымға берген. Осылайша, Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы алтын медальдар түсті.