Назым Қызайбай әлемнің алты дүркін чемпионын жеңіп, Азия чемпионы атанды

Бокстан Дубайда өтіп жатқан Азия біріншілігінде Қазақстан командасы екі алтын жеңіп алды, – деп хабарлайды Olympic.kz.

48 келіге дейінгі салмақтағы шешуші кездесуде Қазақстан чемпионы Алуа Балқыбекова Өзбекстан өкілі Гүласал Сұлтаналиевамен жұдырықтасты. Бұл жекпе-жекте төрешілер шешімі бойынша Алуа жеңіске жетті.

Команданың көшбасшысы, 51 келідегі Назым Қызайбай финалда әлемнің алты дүркін чемпионы, үндістандық Мэри Комды жеңді.  Төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Назымға берген.

Осылайша, Қазақстан құрамасы қоржынына алғашқы алтын медальдар түсті.

Back to top button