Жансейіт Түймебаев ОҚО әкімі болып тағайындалды

Жансейіт Түймебаев ОҚО әкімі болып тағайындалды

Жансейіт Түймебаев ОҚО әкімі болып тағайындалды
ашық дереккөзі
Оңтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімі болып Жансейіт Түймебаев тағайындалды. Түймебаев Жансейіт Қансейітұлы 1958 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген, филология ғылымының кандидаты, профессор.  Қазақ мемлекеттік университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетінің зан факультетін бітірген. 1980-1993 жылдары – Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушы, доцент. 1993-1994 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірінші хатшысы, бөлім бастығы. 1997-1999 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті протокол қызметінің бас сарапшысы, Қазақстан Республикасының Стамбул қаласындағы Бас консулы, 1999-2006 жылдары – ҚР Президенті протоколының жетекшісі, 2004-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті протоколының жетекшісі – Қазақстан Респубилкасы Президентінің кеңесшісі, 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі, 2007-2010 жылдары Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2010 жылдан бері қарай Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі болып қызмет атқарды. “Қазақ тілінің тарихи грамматикасы”, “Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы”, “Қазақ тілі”, “Қазақ тілі: Грамматикалық анықтамалық”, т.б. кітаптардың авторы. “Құрмет” орденімен, медальдармен марапатталған. Осыған дейін ОҚО әкімі қызметінде Бейбіт Атамқұлов болған еді. Ол ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі болып тағайындалды.