Жаңалықтар

ҰБТ тапсырған 500 түлектің тест нәтижесі жойылды

ашық дереккөзі

ҰБТ тапсырған 500 түлектің тест нәтижесі жойылды

Қазақстандық 500 түлектің ҰБТ нәтижесі жойылды.Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығының директоры Дидар Смағұлов өзінің Facebook-тегі парақшасында жазба жариялады.  "Достар, тест тапсырмаларын немесе олардың үзіндісін аудиториядан шығару – ереже бұзушылық болып табылады. Сондықтан ҰБТ нәтижесі жойылады. Осы күнге дейін 85 000 тестіленушінің ішінен 500-інің нәтижесі жойылды және тест тапсырмаларын шығарып, таратудың да еш мәні жоқ - тест базасы күнде жаңартылады. Күнде жаңа сұрақтардың құпиялылығы шешіліп, бағдарламаға кіргізіледі. Өздеріңізді алдамаңыздар", – деп жазды ол. Айта кетейік, биыл түлектердің ҰБТ-ны екі рет тапсыру мүмкіндігі бар. Олар ең жақсы нәтижесі бар сертификатпен мемлекеттік білім беру грантын тағайындау конкурсына қатыса алады.