Коронавирустан емделіп жатқан 162 науқастың жағдайы өте ауыр

29 мамырдағы мәлімет бойынша 29 171 адам коронавирус инфекциясынан (28 595 КВИ+ және 576 КВИ-) емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі. 

Олардың ішінде: 10 891 пациент стационарда, 18 279 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 638 адамның жағдайы ауыр, 162 пациенттің жағдайы өте ауыр, 108 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Back to top button