Қорғаныс министрлігінің қаруландыруға жауапты лауазымды қызметкері ұсталды

Қорғаныс министрлігінің қаруландыруға жауапты лауазымды қызметкері ұсталды

Қорғаныс министрлігінің қаруландыруға жауапты лауазымды қызметкері ұсталды
ашық дереккөзі
ҚР Қарулы Күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қаруландыру бөлімінің бастығы полковник Асылбек Сатвалдинов ұсталды, деп хабарлады ҚазАқпарат. Қорғаныс министрлігі бұл мәліметті растады. «2021 жылдың 28 мамырында құқық қорғау органдары Қазақстан Қарулы Күштерінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету және қаруландыру бөлімінің бастығы полковник Асылбек Сатвалдиновты ұстады. Тергеу мүдделеріне қатысты қалған ақпарат жария етуге жатпайды», - деп жазылған Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі растаған мәліметте.