Тоттенхэм футбол клубы Почеттиноны бұрынғы қызметіне қайтаруға дайын

Тоттенхэм футбол клубы Почеттиноны бұрынғы қызметіне қайтаруға дайын

Тоттенхэм футбол клубы Почеттиноны бұрынғы қызметіне қайтаруға дайын
ашық дереккөзі
Тоттенхэм футбол клубы қазіргі кезде ПСЖ-ны жаттықтырып жүрген бас бапкер Маурисио Почеттиноны бұрынғы қызметіне қайтаруға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы EUROSPORT хабарлады. 48 жастағы Почеттиноның қайта оралуы клубтың үздік шабуылшысы Гарри Кейнді командада қалуға көндіруі мүмкін. Аргентиналық бапкердің өзі де қайтып оралуға қарсы емес, себебі ПСЖ-дағы бапкерлік қызметі ол күткендей болмаған сыңайлы. Оның Тоттенхэмнен кеткеніне әлі екі жыл тола қоймады. Почеттино Тоттенхэмде 2014-2019 жылдары жұмыс істеген.  Ол жаттықтырған уақытта клуб бірде-бір кубок ұтпады, бірақ команда Чемпиондар лигасының финалына шықты. Ал ПСЖ-дағы бапкерлік қызыметінде Франция кубогы мен Суперкубогын жеңіп алды.

Байжұма  Арыстан