Алматыда коронавируспен ауырғандар емделетін стационарлар жабылып жатыр

Алматыда эпидемиологиялық жағдайдың біртіндеп тұрақтануына байланысты перзентхана мен екі стационар қалыпты жұмыс режиміне көшірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаевтың айтуынша, коронавирус жұқтырып ауруханаға түскендер саны азайып жатыр. Сондықтан №1 перзентхана мен екі стационар әдеттегі жұмыс режиміне көшеді.

Табынбаев сондай-ақ 1 маусымнан бастап Жедел медициналық жәрдем ауруханасы мұқият дезинфекцияланғаннан кейін бұрынғыдай жұмыс істейтіні туралы бұйрық шығарылғанын атап өтті.

Қазір қаладағы коронавирус стационарларында 2 035 адам жатыр.

Back to top button