Ауыл әкімін тікелей сайлау арқылы ауылдардың жағдайын жақсарту көзделіп отыр
Ауыл әкімін тікелей сайлау арқылы ауылдардың жағдайын жақсарту көзделіп отыр
27 мамыр күні #NUROTANTRENDS алаңында ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы тақырыбында сараптамалық талқылау өтті.
Талқылауға Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым, Парламент Сенаты Төрағасының кеңесшісі Жанар Тулиндинова, «Adal» партиясының хатшысы Нұрлыбек Мұқанов, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры, «Nur Otan» партиясы жанындағы Азаматтық қоғамды дамыту және Мемлекеттік басқару жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшесі (Родина ауылының бұрынғы әкімі) Белла Газдиева, саясаттанушы Эдуард Полетаев қатысты, rezonans.kz сайтынының бас редакторы Ассоль Мирманова модератор болды.