Жетісай қарбыздары Ресейге жөнелтіліп жатыр

Жетісай ауданы Атамекен ауылдық округінде орналасқан «Қоғалы» ауылының диқаны Леонид Шин өз иелігіндегі 2 гектар жерден 25 тонна өнім алған. Ерте пісетін қарбыз еккен ол жиын-терім жасап, өнімді Ресей Федерациясына жөнелтіп жатыр, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

whatsapp image 2021 05 27 at 18.38.21
«Наурыз айының басында 55 күнде пісетін «Виктория» атты қарбыз сортын екі қабат пленка астына ектім. Ауа райы қолайсыз болған кезде аздап уайымдадым. Сәтін салып, барлығы ойдағыдай болды»,- дейді шаруа.
Айта кетейік, Жетісай ауданы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатында 78 500 гектар аумаққа егіс егу жоспарланған. Соның 22 мың гектарына бақша дақылдары егілген. Оның ішінде, 14 378 гектарына пленка астынадағы қауын, ал, 4 900 гектарға қарбыз егілген. Ауданы бойынша қазір 50 гектар аумақтағы қарбыз бен 15 гектар егістіктегі қауын пісуге жақын.
Back to top button