Елдордада қаламгерлерге халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы табысталды

Елдордада қаламгерлерге халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы табысталды

Елдордада қаламгерлерге халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығы табысталды
ашық дереккөзі
Елордадағы Жазушылар үйінде 2020 жылғы халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығын табыстау рәсімі өтті. Салтанатты жиынға қаламгер Жанат Елшібеков, Әлібек Асқаров, Құныпия Алпысбаев, Рақымжан Тұрысбек, Нұрлан Исабеков, Толқын Ақанұлы, Серікзат Дүйсенғазы, Ерлан Жүніс, Олжас Қасым, Мирас Асан сынды зиялы қауым өкілдері қатысты. Жақында ғана елордаға қоныс аударған, 85 жасқа толып отырған белгілі жазушы Медеу Сәрсекеге және 70 жасқа толған көрнекті ақын Несіпбек Айтұлына Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Ұлықбек Есдәулеттің арнайы құттықтау хаты табысталып, қазақы дәстүрмен қаламгерлер иығына шапан жабылды.  width=  width= Айтулы сыйлыққа Нұр-Сұлтан қаласында тұратын Табыл Құлияс, Мәди Айымбетов, Толымбек Әбдірайым, Тұрмағанбет Кенжебаев қатарлы төрт қаламгер ие болды. Марапатты кеш тізгінін ұстаған ақын, Қазақстан Жазушылар одағының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының директоры Дәулеткерей Кәпұлы табыс етті.  width=  width=  width=  width=  width=  width=