Жаңалықтар

Түркістанда «Ұлы жібек жолы – ұлы мұра» халықаралық форум өтіп жатыр

ашық дереккөзі

Түркістанда «Ұлы жібек жолы – ұлы мұра» халықаралық форум өтіп жатыр

Мәдениет және спорт министрлігі ұйымдастыруымен Түркістанда алғашқы халықаралық туристік форум өтіп жатыр. Гибридті форматтағы форумда туристік салада жұмыс істейтін 15 елдің бизнес-құрылымдарының өкілдері мен мамандары Түркістанның тарихи-мәдени мұрасын сақтау және Жібек жолы бойындағы туристік бағыттарды дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі.

Форум аясында туризм саласында мамандар даярлайтын әлемдік жоғары оқу орындарының қатысуымен тарихи-мәдени мұраны сақтау, халықаралық тәжірибені ескере отырып, туризм саласын дамыту, Ұлы Жібек жолының маңызы жайлы сұрақтар талқыланатын ғылыми-практикалық конференция өтіп жатыр. Сонымен қатар бұл іс-шарада Ұлы Жібек жолы бойында туризм саласын дамытудың перспективалары, туристік администрациялар және Қазақстан мен Өзбекстан турбизнес өкілдері арасындағы әріптестікті нығайту жайы сөз болады.