Елімізде алғашқы ядролық медицина орталығы ашылды

Елімізде алғашқы ядролық медицина орталығы ашылды

Елімізде алғашқы ядролық медицина орталығы ашылды
ашық дереккөзі
Семейде еліміздегі алғашқы ядролық медицина орталығы ашылды. Жаңа нысан радиофармпрепараттарды қолдану арқылы онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуге арналған, деп хабарлайды "Хабар 24". Мұнда онкологиялық, кардиологиялық және неврологиялық ауруларды емдеуді ерте сатыда бастауға мүмкіндік беретін радионуклидтік диагностика бөлімшесі ашылды. Бүгінде жүзден астам зерттеулер жүргізілді.
Бұл аппарат түрлі органдардың қызметін зерттеуге сондай-ақ қатерлі ісіктерді ерте кезеңдерде анықтауға мүмкіндік береді. Біз қазірдің өзінде қаңқа, бауыр және бүйрек, қалқанша, паратироид бездерін зерттейміз. Нәтижелер жақсы, біз бұған көз жеткіздік. Іске қосудың екінші кезеңі Радионуклидтік терапия бөлімшесін ашу болады. Қазақстанда алғаш рет қалқанша безінің қатерлі ісігін йод изотобының көмегімен, радиойодтерапия әдісімен емдейді. Үшінші және соңғы кезең - циклотронды және екі позитронды эмиссиялық томографты шығару, -  дейді радионуклидтік диагностика дәрігері Берік Кәрібаев.