Түркістан облысында жоғалып кеткен жеті адамның үшеуі табылды

Түркістан облысында жоғалып кеткен жеті адамның үшеуі табылды

Түркістан облысында жоғалып кеткен жеті адамның үшеуі табылды
ашық дереккөзі
Түркістан облысының құтқарушылары жоғалып кеткен жеті жігіттің үшеуін тапты. Бұл туралы Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kz.
«Бүгін Қазавиақұтқару тікұшағымен әуеден барлау кезінде Сайрам-Өгем шатқалында жоғалған жеті жігіттің үшеуі табылды. Олардың хал-жағдайы жақсы. Қалған туристерді іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр», – деді Талғат Уәли.
Қазіргі уақытта Апаттар медицинасы орталығының психологтары жоғалған жігіттердің туыстарына психологиялық көмек көрсетіп жатыр. Іздестіру жұмыстарына құтқарушылар, полиция қызметкерлері, шекара қызметінің ат патрулі, ұлттық парк қызметкерлері және жоғалған адамдардың туыстары, сондай-ақ Қазавиақұтқарудың екі тікұшағы жұмылдырылған. Еске сала кетейік, Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында 7 адамның жоғалып кеткені хабарланған еді.