2020 жылы Білім және ғылым министрлігіне 6,5 мың шағым түсті – министр

2020 жылы Білім және ғылым министрлігіне 6,5 мың шағым түсті – министр

2020 жылы Білім және ғылым министрлігіне 6,5 мың шағым түсті – министр
ашық дереккөзі
2020 жылы Білім және ғылым министрлігіне 6,5 мың шағым түсті. Бұл туралы халыққа есеп беру кездесуінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. «Министрлікке көптеген арыз-өтініш пен шағым түсіп жатады. 2020 жылғы жалпы құжат айналымын қарастырар болсақ, тек министрліктің өзінде 115 мың хат, оның ішінде 6 500 арыз-шағым түскен екен. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен қарағанда 2 есеге артық. Министрліктің көмек көрсету орталығына 20 мыңнан астам қоңырау келіп түскен. Оларға тиісті жауап қайтарылды. Министрліктің әлеуметтік блогының өзіне 2 500 арыз, шағым және 6 мың хабарлама қарастырылды. Бұл да Мемлекет басшысы белгілеген «халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының аясында істеліп жатқан жұмыстың бір көрінісі», – деді Асхат Аймағамбетов. Сонымен қатар ол Білім және ғылым министрлігі Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында жұмысын ашық өткізіп жатқанын айтты. Әр жұма сайын өтетін ведомствоның аппарат жиналысы да әлеуметтік желіде тікелей эфирде көрсетілетінін еске салды.