Жаңалықтар

Күнделігінен күмәнді жазбалар табылған: Алматы облысында 15 жасар қыз өз-өзіне қол жұмсады

Алматы облысындағы Жәпек батыр ауылында полицейлер 15 жастағы Диананың өлімі бойынша істі тергеліп жатыр. Қыз үй қорасында төсек жаймасына асылып қалған.

КТК телеарнасының хабарында Динаның анасы қызының өз бетімен мұндай қадамға баруы мүмкін емесін айтады. Қызы бір интернет-топта болған, сол жақта жасөспірімдерге түрлі тапсырма береді, тіпті суицидке итермелейді-мыс.

«Қорқынышты! Үздік оқитын балаң… Төрт жасынан бастап мақтау қағазын алып келеді. «Әнші балапанға» қатысқан. Өмір сүргісі келетін бала еді», – дейді Диананың анасы Бақытты Айтмұратова.

Қыздың туғандары суицид жасауға ешқандай себебі болмады дейді. Олардың айтуынша, Диана қайырымды әрі тез тіл табысқыш болған. Бірақ оқушының өлімінен кейін күнделігінен күмәнді жазбалар табылған.

Оқиға дерегі бойынша «Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

«Сот-медициналық сараптаманың алғашқы қорытындысына сәйкес, кәмелетке толмағанның өлім себебі тыныс алу жолдарының механикалық асфиксиясы болды. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Барлық қажетті тергеу амалы жүргізіліп жатыр», – деді Алматы облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Ақбота Әзірбек.

Back to top button