Қазақстанда жаңа министрлік құрылды

Қазақстанда жаңа министрлік құрылды

Қазақстанда жаңа министрлік құрылды
ашық дереккөзі
Қазақстанда жаңа министрлік құрылды. Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігін құру туралы Қаулы Ақорданың сайтында жарияланды. Министрлік қызметінің негізгі бағыттары - қорғаныс, аэроғарыш өнеркәсібі және электрондық өнеркәсіп, ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздік (киберқауіпсіздік), жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту, бірыңғай әскери-техникалық саясатты және әскери-техникалық ынтымақтастықты жүргізуге қатысу, қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау саласындағы басшылық. Жаңадан құрылған Министрлікке мынадай өкілеттіктер берілді: Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен - қорғаныс өнеркәсібі саласындағы; Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінен - ғарыш қызметі саласындағы; Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінен - жұмылдыру даярлығы және жұмылдыру, мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыру және дамыту саласындағы; Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесінен - ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігінен ақпараттандыру және байланыс саласындағы ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Ақпараттық қауіпсіздік комитетін, Аэроғарыш комитетін және Мемлекеттік материалдық резервтер комитетін құруды және осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етуге тапсырма берілді.