Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу: жаңа талаптар енді

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу: жаңа талаптар енді

Президенттік жастар кадр резервіне іріктеу: жаңа талаптар енді
ашық дереккөзі
Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин Президенттік жастар кадр резервіне екінші іріктеу басталғанын хабарлап, ондағы жаңа талаптарды атады. Ерлан Қарин Telegram-дағы парақшасында жуықта Президенттік жастар кадр резервіне екінші қабылдау басталатынын жазды. Айтуынша, бүгін Мемлекет басшысы «Президенттік жастар кадр резервінің кейбір мәселелері туралы «Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 27 тамыздағы № 141 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Жарлыққа қол қойған. «Резервке екінші іріктеуге 35 жасқа дейінгі, жоғары білімі бар және еңбек өтілі 5 жылдан кем болмайтын жастар қатыса алады. Сондай-ақ, жаңа іріктеу шеңберінде үміткерлердің мемлекеттік тілді орта деңгейден (В1) төмен емес деңгейде меңгергені туралы сертификаттың болуы туралы талап енгізілді», – деді Президентің көмекшісі. Оның жазбасында айтылғандай, кандидаттарды іріктеу арнайы ақпараттық жүйе арқылы бірнеше кезеңде жүргізіледі: 1. Құжаттарды қабылдау (онлайн); 2. Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау (онлайн); 3. Ситуациялық тапсырмаларды шешу (онлайн); 4.Құзыреттерді бағалау (офлайн); 5. Сараптамалық комиссияда кандидаттармен әңгімелесу (онлайн); 6. Ұлттық комиссияның отырысында қарау (алдын ала онлайн). Үміткерлер резервке 3 жылға қабылданады. «Бүгінгі таңда Президенттік жастар кадр резервінің алғашқы легінен шыққан 179 жас маман мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік компанияларға қызметке тағайындалды. Осылайша, Президенттік Жастар кадрлық резерві өзінің басты міндеті – жас мамандар үшін тиімді әлеуметтік лифт құру міндетін іске асыруда», – деп жазды Ерлан Қарин.