Бокс: Дина Жоламан жеңісін қайтарып алды және 8 боксшы қызымыз алтын медальға таласады

Бокс: Дина Жоламан жеңісін қайтарып алды және 8 боксшы қызымыз алтын медальға таласады

Бокс: Дина Жоламан жеңісін қайтарып алды және 8 боксшы қызымыз алтын медальға таласады
ашық дереккөзі
Кеше ғана Азиаданың шаршы алаңында 54 кг салмақта индиялық Сакшимен жекпе-жекте жеңілді деп танылған қазақстандық боксшы қыз Дина Жоламанға жартылай финалда қолынан сусып кеткен жеңісі қайтарып берілді. Бұл жайында Қазақстан бокс федерациясының Instagram желісіндегі парақшасында: «Дина Жоламан финалда! Төрешілер шешімін қайта қарап, әділеттілік жасады» деп қуана хабарлады. Осылайша, енді Дина финальда алтын медал үшін шайқасады! Сол сияқты Алуа Балқыбекова (48 кг), Назым Қызайбай (51 кг), Владислава Кухта (57 кг), Римма Волосенко (60 кг), Милана Сафронова (64 кг), Валентина Хальзова (69 кг), Фариза Шолтай (81 кг) и Ләззат Күнгейбаева (+81 кг) қарсыластарын бет қаратпай жеңіп, финалдық бәсекеде өнер көрсететін болды!