Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады – Қазгидромет

Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады – Қазгидромет

Еліміздің басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады – Қазгидромет
ашық дереккөзі
28 мамыр күні Қазақстанның солтүстік-батыс, солтүстік және орталық бөлігі кең антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың қалған территориясында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен құбылмалы күн райы болжанады, кей жерлерде найзағай, жаңбыр, бұршақ болады. Сондай-ақ жекелеген өңірде жел күшейіп, дауыл тұрады. «Қазгидромет» РМК болжамынша, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрып, екпіні 25 м/с жетуі ықтимал. Сондай-ақ дауыл, бұршақ болжанады. Түркістан облысының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл, 15-20 м/с жылдамдықта жел күтіледі. Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстарында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы ықтимал. Қарағанды, күндіз Алматы, Атырау, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с артады. Маңғыстау, түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман болады. Сонымен қатар, күндіз Қызылорда, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында, Қарағанды облысының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады. Синоптиктердің мәліметінше, Қызылорда, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының жекелеген аудандарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.