Қазақстандық мықты боксшылар жеңіліс тапты

Қазақстандық мықты боксшылар жеңіліс тапты

Қазақстандық мықты боксшылар жеңіліс тапты
ашық дереккөзі
Бокс біздің елде күшті дамыған спорт түрі. Бірақ кейінгі кезде өзге елдерден де күшті боксылар шығып жатыр. Мәселен қазір Дубайда өтіп жатқан Азия чемпионатында күтпеген жағдайлар болып жатыр. Қазақстандық боксшылар Махмуд Сабырхан (56 келі), Серік Теміржанов (60 келі) и Закир Сафиуллин (64 келі) сәтсіздікке ұшырап, жарыстан ерте шығып қалса, енді олардың қатарына әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов те қосылды. 81 келі салмақта ирандық Мейсам Гешлагимен қолғап түйістірген ол жартылай жартылай финалға шығар жолда сүрініп кетті. Ирандықтың көп соққыларын өткізіп алған Бекзат төрешілердің шешімімен жеңіліс тапты. Сол сияқты 54 келі салмақта қыздар арасындағы бокстан әлем чемпионы Дина Жоламан да индиялық боксшы Сакшиге есе жіберіп, қола медалға қанағат етті...