Жаңалықтар

Қазақстанда адам саудасы екі есе артқан – Бас прокуратура

Қазақстанда биыл адам саудасына байланысты қылмыс 2020 жылмен салыстырғанда екі есе көп тіркелген. Бұл туралы Бас прокуратураның қылмыстық қудалау қызметінің басшысы Серік Шалабаев айтты.

«Адам сатуға байланысты 68 қылмыс тіркелді. Бұл 2020 жылмен салыстырғанда екі есе көп. Полицейлер  рейдтік іс-шара кезінде адамдардың трафигіне ең қолайлы жерлерге назар аударуы керек. Бұл негізінен жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар (57 пайыз немесе 39 қылмыс). Бұдан басқа, шалғай шаруашылықтар, жайылымдар, қыстаулар назардан тыс қалмайды», – деді С.Шалабаев.

Оның айтуынша, адам саудасына қарсы тұруда тұрғындардың қырағылығы маңызды рөл атқарады. Сарапшы қаскүнемдердің жастарға шетелде жұмыс беруге, жоғары табыс табуға уәде беретін жағдайлар барын да ескертті.

«Мысалы, осы айда халықаралық қылмыстық топқа қатысты іс сотқа жіберілді, оның мүшелері Қазақстаннан Бахрейнге 38 қызды алдап апарып, онда жезөкшелікпен айналысуға мәжбүр еткен», – деді Серік Шалабаев.

Back to top button