Жаңалықтар

Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтуге 407 миллион теңге бөлінеді

ашық дереккөзі

Тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтуге 407 миллион теңге бөлінеді

Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өтуге бюджеттен 407 миллион теңге бөлінеді деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрлігі. ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлованың айтуынша, Қазақстан Тәуелсіздігін тойлау бойынша қорытынды шаралар 1-15 желтоқсан аралығында өтеді. "Жалпы алғанда сегіз мыңнан аса іс-шара өткізілді. Екі айдың көлемінде республикалық сипаттағы тағы 100 шара өткізіледі. Сондай-ақ, тағы бес мың шараны жергілікті атқарушы органдар өткізеді. Өздеріңіз білетіндей, 15 желтоқсанға салтанатты жиын белгіленген. Дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Осы шаралардың барлығына республикалық бюджеттен 407 миллион теңге бөлінген", - деді мәдениет және спорт вице-министрі. Ақтоты Райымқұлова телеарналардан "Қазақ елі" көпсериялы телевизиялық көркем фильмінің барлық 10 сериясы көрсетілетінін атап өтті. "Бірі күні көрсетуді жоспарлап отырмыз. Өздеріңіз білесіздер, Қазақ хандығының 550 жылдығына орай "Қазақ хандығы" деген онсериялы кинохикаясы түсірілген болатын. Осы кинонұсқалар телеарналардан көрсетеміз. Бұл Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын тойлауға өзіндік сыйлық", - деді вице-министр. 16 желтоқсанда Қазақстан Тәуелсіздігіне 25 жыл толады. 1991 жылы Жоғарғы Кеңес Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қабылданған болатын. Тәуелсіздік күні - еліміздің басты ұлттық мерекесі.