БАӘ QazVac вакцинасына қызығушылық танытып отыр – министр

БАӘ QazVac вакцинасына қызығушылық танытып отыр – министр

БАӘ QazVac вакцинасына қызығушылық танытып отыр – министр
ашық дереккөзі
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирусқа қарсы қазақстандық QazVac вакцинасына онға жуық ел қызығушылық танытып отырғанын айтты.
"Біздің вакцина – мұсылман әлемінде жасалған және шығарылған алғашқы вакцина. Көптеген мұсылман мемлекеті бізге жүгінеді. Жақында БАӘ-дегі әріптесіммен сөйлестім, олар қызығушылық танытып отыр. Бізге Қатардан жүгінді. Барлығы 10-ға жуық ел QazVac-ты жеткізу мәселесі бойынша жүгінді. Қазір осы бағытта жұмыс істеп жатырмыз, авторлық құқықты тіркейміз. Біздің институт болашақта QazVac-ты ғана емес, басқа да вакциналарды экспорттау үшін халықаралық патент алып жатыр", - деді А.Цой отандық тілшіге берген сұхбатында.
Ол, сондай-ақ, коронавирусқа қарсы вакцинаны көптеген дамыған ел жасай алмай отырғанын және Қазақстанның аз уақытта бұл салада айтарлықтай тиімді жұмыс атқарғаны туралы айтты.
"Біздің ғалымдар кез келген вирусты бөліп алып, одан вакцина жасай алатынын көрсетті. Бұл Қазақстан басқа елдерге қарағанда ақылдырақ дегенім емес. Осындай қауіпсіздік деңгейі жоғары зертханалар әлемде аз. Мұндай жабайы вирустармен жұмыс істеу тәжірибесі көп елде жоқ. Ал біз жасай алдық. Бұл мәселемен көп жылдар бойы айналысып келеміз", – деді министр.